jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Жауын-шашын, түнде 18 градус аяз: Қазақстанда алдағы күндері күн райы қандай болады

жол
Тас жол. Көрнекі фото: Pixabay.com

Алдағы күндері Қазақстанда күн жауын-шашынды болады деп күтіледі. Синоптиктер елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады деген болжам жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет-ке" сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігіндегі күн райына оңтүстік циклоны әсер етеді. Мамандар жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі деп болжап отыр.

Атап айтқанда, 25-26 ақпан күндері оңтүстікте, 26-27 ақпанда түнде оңтүстік-шығыс аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, таулы аймақтарда қар жауады.

Метеорологтардың болжамына сәйкес, жауын-шашынмен қатар жел күшейіп, қарлы боран соғады және көктайғақ болады. Сондай-ақ Қазақстан бойынша тұман болады деп болжанып отыр. Түнгі уақытта ауа температурасы солтүстікте, солтүстік-батыста, елдің орталығында 8-18 градус аяз болады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста температура -5-12 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі. Ал шығыста күн -15-20 градусқа дейін, аймақтың оңтүстігінде -5 градусқа дейін суытады деп болжанып отыр.

Жауын-шашын, түнде 18 градус аяз: Қазақстанда алдағы күндері күн райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.