Зектілері

"Charity Samruk Marathon – 2024" жобасы үздік қайырымдылық жоба атанды

Жарияланған күні:

КФ Samruk-Kazyna Trust-қа берілген диплом
КФ Samruk-Kazyna Trust-қа берілген диплом. Фото: КФ Samruk-Kazyna Trust

"Самұрық-Қазына" АҚ-ның бірыңғай қайырымдылық операторы – Samruk-Kazyna Trust қоры "Ақ Мерген" қоғаммен байланыс саласындағы XII қазақстандық сыйлықпен марапатталды. Қордың "Charity Samruk Marathon – 2024" жобасының нәтижесі мен коммуникациялық стратегиясы үздік бағаланып, "Қайырымдылық" номинациясының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Samruk-Kazyna Trust қоры.

"Charity Samruk Marathon - 2024" қайырымдылық марафоны өткен жылдың маусым айында Астанада ұйымдастырылып, оған 1200-ден астам адам қатысты. Шарада жиналған 127 млн теңгеге Астананың 5 мектебінде инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды.

КФ Samruk-Kazyna Trust
Коллаж: КФ Samruk-Kazyna Trust

Қайырымдылық марафонында жүзеге асқан табысты тәжірибе жалғасын тауып, Samruk-Kazyna Trust қорының қолдауымен 2024 жылы Астанада тағы 5 мектепте инклюзия кабинеттері ашылды.

КФ Samruk-Kazyna Trust
Марафон. Фото: КФ Samruk-Kazyna Trust

Соның арқасында 500-ден астам ерекше бала инклюзивті біліммен қамтылды, елордалық мектептерде инклюзия кабинеттеріне қажеттіліктің 16%-ы өтелді. 2025 жылы Charity Samruk Marathon қайырымдылық марафоны 3 мамырда өтеді.

12-жыл ұйымдастырылып отырған PR саласындағы "Ақ Мерген" қазақстандық сыйлығы еліміздегі PR нарығын дамытуға, қоғаммен корпоративтік және мемлекеттік қарым-қатынастардың мәдениеті мен дәстүрлерін қалыптастыруға бағытталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2223386-charity-samruk-marathon-2024-zhobasy-uzdik-qaiyrymdylyq-zhoba-atandy/