jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

1 наурыздан бастап еліміздің 8 өңірінде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылады

Республикалық жол.
Республикалық жол. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда 1 наурыздан бастап ауыр жүк таситын жүк көліктері қозғалысына еліміздің бірқатар өңірінде шектеу қойылады. Көктемгі кезеңге арналған бұл шектеу 1 сәуірге дейін созылады, деп хабарлайды "ҚазАвтожол".

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ 2025 жылғы көктемгі кезеңде уақытша жүрісті шектеудің жыл сайынғы қолданылу мерзімдеріне сәйкес жеке білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының жүрісіне шектеу енгізілетінін хабарлады.

"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 5 шілдедегі №492 бұйрығының 19 тармағына сәйкес, республикалық автожолдарды қысқы мезгілден кейін сақтау мақсатында 2025 жылғы 1 наурыздан бастап 1 сәуірге дейін "бесінші жол климаттық аймаққа" жататын келесі сегіз облыста шектеу енгізіледі:

• Алматы облысы

• Атырау облысы

• Жамбыл облысы

• Ұлытау облысы

• Қызылорда облысы

• Маңғыстау облысы

• Жетісу облысы

• Түркістан облысы

Алайда келесі автокөліктердің түрлеріне бұл шектеулер қолданылмайды:

• халықаралық жүк және жолаушылар тасымалына;

• төтенше жағдайлар мен олардың салдарын алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын көліктерге;

• гуманитарлық көмек көрсететін, азық-түліктерді, дәрі-дәрмектерді, жолаушылар мен багаж тасымалын жүзеге асыратын көліктерге;

• жол-құрылыс жұмыстарына пайдаланылатын көліктерге.

Жүргізушілер мен көлік иелеріне осы ақпаратты маршруттарыңызды жоспарлағанда ескерулеріңізді сұраймыз", - делінген хабарламада.

1 наурыздан бастап еліміздің 8 өңірінде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.