Зектілері

SANTO академиялық бағдарламасы: жастарға арналған жаңа көкжиектер

Жарияланған күні:

Томас Нотеггер
Томас Нотеггер. Фото: Santo

Цифрландыру мен заманауи технологиялар қандай мүмкіндіктер ашады? Бұл сұраққа Шымкент студенттері Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясында өткен білім беру дәрісі барысында жауап алды. Дәрістің тақырыбы өзекті – цифрландыру фармацевтикалық өндірістегі бәсекелестік басымдыққа қалай ие болды?

Фармация саласында PhD докторы, Polpharma тобының өндірістік қызметін басқаратын Томас Нотеггер өз тәжірибесін бөлісіп, аудиториямен жұмыс істеу әдістерін бөлісті. Polpharma-ның еншілес кәсіпорны саналатын SANTO фармацевтикалық зауыты дәл осы Шымкент қаласында орналасқан.

Томас Нотеггер – фармацевтикалық өнімдерді әзірлеу және Еуропа, АҚШ, Латын Америкасы мен Азияда табысты жобаларды жүзеге асыру бойынша көп жылдық тәжірибесі бар танымал сарапшы. Дәріс барысында ол фармацевтикалық өндірісте цифрландырудың бәсекелік артықшылық ретіндегі шешуші рөлін ерекше атап өтті. Ол өз дәрісінде фармацевтикалық индустриядағы цифрландырудың маңызы неде екенін айтты.

Цифрландыру және автоматтандыру: SANTO бәсекеге қабілетін қалай сақтайды

Талқыланған негізгі тақырыптардың бірі SANTO зауытында цифрландыру мен автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізу болды. Томас Нотеггер технологиялық процестерді басқаруда SCADA жүйесі қалай қолданылатынын түсіндіріп, неге көптеген фармацевтикалық кәсіпорын, оның ішінде SANTO, операторлардың автоматтандырылған жұмыс орындарынан гөрі жергілікті басқару жүйелерін таңдауды жөн санайтынын айтып өтті.

"Автоматтандыру – маңызды элемент, бірақ фармацевтикалық өндірісте басқарудың икемділігі мен әр кезеңдегі бақылаудың дәлдігі басты рөл атқарады. Біз технология мен адами бақылаудың оңтайлы үйлесіміне ұмтыламыз, өйткені бұл процестегі негізгі буын – адам", – деп атап өтті сарапшы.

Кәсіпорындардың бір өндірістік желіден екіншісіне көшу кезіндегі қиындықтары, оның ішінде техникалық, экономикалық және бюрократиялық кедергілер қатысушылардың ерекше қызығушылығын туғызды. Сондай-ақ престелген таблеткалар мен жұмсақ желатинді капсулаларды өндіруді валидациялаудың негізгі кезеңдері, стерилизациядан өткен дәрілік формаларды (инъекциялар мен инфузиялар) шығару үшін өндірістік үй-жайларды жобалау мәселелері кеңінен талқыланды.

Академия мен бизнестің ынтымақтастығы: студенттерге арналған нақты тәжірибе

Томас Нотеггер академиялық орта мен бизнестің өзара іс-қимылы болашақ мамандарды даярлаудағы негізгі факторлардың бірі екенін атап өтті. Студенттер компания базасында тәжірибеден өту арқылы теориялық білім алып қана қоймай, сонымен қатар фармацевтика саласындағы табысты мансап үшін аса маңызды практикалық дағдыларды меңгереді.

"Біз жас мамандарды жұмысқа тартуға мүдделіміз, олар өз білімін іс жүзінде қолдана білуі керек. Бұл ынтымақтастық екі жаққа да пайдалы: студенттер ірі өндіріс процесімен тікелей танысады, ал біз өз кезегімізде талантты қызметкерлерді табуға мүмкіндік аламыз", – деп қосты Нотеггер.

Студенттердің тәжірибе барысында алатын басты дағдыларының бірі – фармацевтикалық өндірістің нақты процесін түсіну. Олар әлемнің жетекші зауыттарында қолданылатын заманауи технологиялармен танысып, саланың жаһандық ауқымын сезінеді. Бұл оларды білімін әрі қарай жетілдіруге ынталандырып қана қоймай, болашақ мамандығы туралы нақты көзқарас қалыптастыруға көмектеседі.

Фармацевтиканың болашағы: жасанды интеллект және халықаралық перспективалар

Томас Нотеггер фармацевтикалық өндірістегі жасанды интеллекттің рөлі мен цифрлық технологиялардың компанияларға бәсекелестік артықшылықтарын сақтауға қалай көмектесетінін айтты. Ол ЖИ енгізу өндірістік процестердің тиімділігін арттыратынын, алайда адам бақылауы әлі де басты басымдық болып қала беретінін ерекше атап өтті.

"Фармацевтика – жай ғана бизнес емес. Бұл – адамдардың денсаулығына тікелей әсер ететін және өмір сапасын жақсартуға көмектесетін сала. Біздің қызметкерлеріміз осы салада жұмыс істей отырып, жаһандық денсаулық сақтауға өз үлесін қосып жатқанын мақтан тұта алады", – деді спикер.

Шымкентте орналасқан халықаралық компанияда жұмыс істеу жас мамандарға бірегей мүмкіндіктер ашады. SANTO зауыты тек халықаралық ортада дамуға және денсаулық сақтау саласындағы ең ірі индустрияның бір бөлігі болуға ғана емес, сонымен қатар фармацевтиканың жаһандық нарығында өз кәсіби жолын табуға мүмкіндік береді.

*Фармацевтикалық қызмет Қазақстан Республикасында лицензияланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2223923-santo-akademiialyq-bagdarlamasy-zhastarga-arnalgan-zhanga-kokzhiekter/