Алматы мен Астана тұрғындары 8 наурызға байланысты төлемдер ала ма
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қала әкімдіктері Алматы мен Астана тұрғындарына 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай төлем берілетін-берілмейтінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Алматы тұрғындары ешқандай төлем алмайды, өйткені оңтүстік мегаполисте төлемдер үш мерекеге байланысты ғана беріледі, оның ішінде 8 наурыз жоқ.
Ал Астана әкімдігі 8 наурызға орай елордадағы 36 мыңға жуық көпбалалы ана біржолғы әлеуметтік төлем алатынын хабарлады. Оларға 2,5 АЕК (9830 теңге) көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.
"Төлем "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Әлеуметтік төлемдер орталығының тізімдері негізінде Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға, сондай-ақ күнкөрісі төмен аналарға жасалады", - деп хабарлады әкімдікте.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2223954-almaty-men-astana-turgyndary-8-nauryzga-bailanysty-tolemder-ala-ma/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде