jitsu gif branding logo appbranding logo app

"25.02.2025": Қазақстанда 25 ақпанда некеге тұрғандар саны рекордтық көрсеткішке жеткен

Заңды некеге тұрып жатқан жұбайлар
Заңды некеге тұрып жатқан жұбайлар. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда 2025 жылғы 25 ақпанында некеге тұру бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелген. Айтулы күнде мыңға жуық жұп отбасын құрған. Бұл елдегі күнделікті орташа көрсеткіштен екі есе жоғары, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, ең жоғары көрсеткіш Алматы, Астана қалаларында, сондай-ақ Қостанай облысында тіркелген.

Ал керісінше, Ұлытау, Қызылорда және Жамбыл облыстарында бұл көрсеткіш айтарлықтай төмен болған.

Мемлекеттік Корпорацияның деректеріне сүйенсек, жалпы елімізде күн сайын шамамен 500 неке тіркеледі. Бұл 2025 жылғы 25 ақпандағы көрсеткіштен екі есе аз.

Айта кетейік, 2024 жылы АХАТ бөлімдері арқылы 125 544 неке рәсімделген. Өткен жылы ең көп неке шілде айында қиылып, 13 257 жұп отбасын құрған. Ал ең аз неке саны мамыр, наурыз және қараша айларында тіркелген, әр айда шамамен 8 мың неке қиылған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.