jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қазақстан мегаполистерінде қыстың соңғы күні ауа райы қандай болады

Қыс
Қыс. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Жұма, 28 ақпанда Алматыда қар мен жаңбыр жауады, Астанада аяз болады. Ал Шымкентте күн ашық болып, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бүгін Алматыда қар мен жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 0 градустан +2 градусқа дейін ауытқиды, ал түнде мегаполисте -3...-5 градусқа дейін күн суытады. Желдің жылдамдығы секундына 5-7 метрге жетеді.

Астанада жауын-шашын күтілмейді. Күндіз термометрлер -6...-8 градусты көрсетсе, түнде ауа температурасы -17...-19 градусқа дейін төмендейді. Елордада желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр болады.

Синоптиктер болжамынша, Шымкентте күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Күндіз мегаполисте 6-8 градус жылы болады деп күтілуде, түнде термометр көрсеткіші -3...-5 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді.

Қазақстан мегаполистерінде қыстың соңғы күні ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram