jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қазақстанның барлық аумағында теледидар мен радио жұмысы уақытша тоқтатылады

Қабырғаға ілінген теледидар мен қашықтан басқару пульті. Көрнекі сурет
Қабырғаға ілінген теледидар мен қашықтан басқару пульті. Көрнекі сурет: pixabay.com

Биыл 5 наурыздан бастап Қазақстан бойынша телерадио арналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазтелерадио" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізетінін ескертті. Бұл телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында жасалады, дейді мекемеде

"2025 жылғы 5 наурызда сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадио арналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз", - деп жазды "Қазтелерадио" ресми сайтында.

Қазақстанның барлық аумағында теледидар мен радио жұмысы уақытша тоқтатылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.