Зектілері

Қазақстан облыстарының бірінде қатты аяз болады: синоптиктер кей өңірде дауыл тұратынын ескертті

Жарияланған күні:

Читать на русском
Аязды күні талда отырған құс
Талда отырған құс. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер жексенбі, 2 наурызда Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның бірқатар облысында дауыл тұратынын ескертті, деп хабарлайды "Қазгидрометке" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматыда 2 наурызда түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін, жолдарда көктайғақ болады.

Астанада оқтын-оқтын тұман болуы мүмкін.

Шымкентте 2 наурызда күн батарда жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Түнде тұман басады.

Жексенбі Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында кей жерлерде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Күндіз облыстың шығысында жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Синоптиктер болжамынша, 2 наурызда Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында жел соғады, екпіні 15-20 м/с болмақ.

Қызылорда облысының солтүстігінде түнде қалың қар жауып, бұрқасын болуы мүмкін. Облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман болып, ал орталықта көктайғақ күтіледі.

2 наурызда Маңғыстау облысында қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігі мен солтүстігінде тұман түседі. Күндіз батыста, солтүстікте және облыс орталығында бұрқасын күтіледі. Күндіз батыста, солтүстікте, облыс орталығында жел екпіні 15-20 м/с болмақ. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 20-22 градусқа дейін қатты аяз күтіледі.

Жексенбі күні Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында қар жауып, бұрқасын болуы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі.

2 наурызда Қостанай облысының оңтүстігі мен батысында қар жауып, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, шығысында және солтүстігінде тұман түседі.

Жексенбі күні Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында тұман түсуі мүмкін.

2 наурызда Павлодар облысының батысында және оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауып, бұрқасын болуы мүмкін, түнде облыстың шығысында қалың қар жаууы ықтимал. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

2 наурызда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман түсуі мүмкін. Таңертең және күндіз солтүстік-шығыста жел соғады, облыстың таулы аймақтарында жел екпіні 23 м/с болады.

Жексенбі күні күндіз Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы аймақтарында жаңбыр жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман түседі. Оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

2 наурызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.

Жексенбі күні синоптиктер болжамынша, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі.

2 наурызда Жетісу облысының таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жексенбі күні таңертең және күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында қар жауады, бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Түнде және таңертең облыстың батысында жел соғады, екпіні 15-18 м/с болмақ.

2 наурызда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман күтіледі.

Жексенбі күні Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман түсуі мүмкін.

2 наурызда Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында тұман күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2224751-qazaqstan-oblystarynyng-birinde-qatty-aiaz-bolady-sinoptikter-kei-ongirde-dauyl-turatynyn-eskertti/