Қазақстанның ірі қалаларында бүгін қар жауады деп күтіледі
Жарияланған күні:

Астана, Алматы мен Шымкенте 3 наурыз күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Алматыда қар жауады. Күндіз ауа температурасы 3 градусқа дейін көтеріліп, түнде -3 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,2 м/с болмақ.
Астанада синоптиктер болжамынша, аздап қар жауады. Күндіз ауа температурасы -3 градусқа дейін жетіп, түнде -17 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 6,5 м/с болады.
Шымкентте де бүгін қар жауады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны -1 градусқа дейін жетіп, түнде -6 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 8,9 м/с деңгейінде болмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2224905-qazaqstannyng-iri-qalalarynda-bugin-qar-zhauady-dep-kutiledi/