jitsu gif

Ұлттық статистика бюросы: Қазақстан халқының саны 20,3 миллионнан асты

Аялдама
Аялдама. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстан халқының саны 20,3 миллионнан асты. Бұл ақпаратты Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 300 618 адамға жетті.

Бюро есебі бойынша 2025 жылдың қаңтарында халық саны 14,5 мыңнан астам адамға артқан.

Қазақстанда қала халқының саны 12,8 млн адамға өссе, ауыл тұрғындарының саны 7,5 млн-ға дейін азайғаны айтылады.

Халық ең тығыз қоныстанған аймақ – Алматы қаласы. Адам саны ең аз өңір – Ұлытау.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.