RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Қазақ-Британ техникалық университеті мемлекет меншігіне қайтарылды

Жарияланған күні:

Читать на русском
ҚБТУ
ҚБТУ ғимараты. Фото: facebook.com/kbtuofficial

Қазақ-Британ техникалық университеті мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл ақпарат Қаржы министрлігінің қаржылық есептілік депозитарийі порталында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сайттағы ақпаратқа сүйенсек, ҚБТУ-дың жаңа иесі "Қайтарылған активтерді басқару компаниясы" ЖШС екені жазылған. Қайтарылған активтерді басқару компаниясы туралы ақпаратқа сәйкес, оның жалғыз құрылтайшысы және қатысушысы – Қазақстан үкіметі.

Ал "шығарылу" бағанында ҚБТУ-дың бұрынғы иесі "Нұрсұлтан Назарбаев білім беру қоры" қоғамдық қоры деп көрсетілген.

Естеріңізге сала кетсек, 11 қаңтарда сағат 22.10 шамасында бес қабатты ҚБТУ ғимаратында 120 шаршы метр алаңда өрт болды. Құтқарушылар жоғарғы ранг бойынша оқиға орынына жедел жетіп, төрт жауынгерлік учаскедегі өртті сөндіруге кірісті. Ғимарат құрылысының ерекшеліктері, жоғары өрт жүктемесі және қатты түтін өрт сөндіру жұмыстарын қиындатты. Оқиға орнында ТЖД басшылығымен жедел штаб құрылып, Қазақстан ТЖМ Командалық орталығы жұмысты  онлайн үйлестірді.

Өртті оқшаулау кезінде әкімшілік ғимараттың төбесінен Қазақстанның Туы зақымдалмай төменге түсірілді. Өртті сөндіруге Алматы қаласы ТЖД 80 қызметкері мен 28 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2225414-qazaq-britan-tehnikalyq-universiteti-memleket-menshigine-qaitaryldy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif