Наурыз мейрамы қарсаңында көкшетаулықтар Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енуді көздеп отыр
Жарияланған күні:

Көкшетаулықтар Наурыз мейрамына орай "Кимешек шеруін" ұйымдастырып, Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енуді көздеп отыр. Аталған шеруге 1000-нан астам әйел қатысады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақмола облысы әкімдігіне сілтеме жасап.
Әкімдіктің мәліметінше, облыс орталығында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына дайындық қарқынды жүріп жатыр.
Мереке қарсаңында 1000-нан астам әйел қатысатын "Кимешек шеруі" ұйымдастырылады. Шеруге қатысушылар Темірбеков көшесіндегі Салтанат сарайы ғимаратынан бастап, Әуезов, Абай көшелерімен Абылай хан алаңындағы негізгі сахнаға кіру аркасына дейін жүріп өтеді.
"Кимешек шеруі" Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енеді деп күтіліп отыр.
Бұдан бөлек, Көкшетау қаласында Наурыз мейрамын мерекелеу үшін қала алаңдары мен көшелерде, киіз үйлер қойылады.
Аудандар мен ауылдық округтерде мерекелеу 21 наурызда ұйымдастырылады.
Ал қала тұрғындары мен қонақтары үшін 22 наурыз күні Абылай хан және Тәуелсіздік алаңдарында түрлі іс-шаралар өтеді деп жоспарланған.
Сондай-ақ қалада шағын жарыстар мен акциялар, түрлі спорттық жарыстар өткізіледі.
Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында Наурыз мейрамы 10 күн бойы тойланатынын хабарлаған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2225420-nauryz-meiramy-qarsangynda-kokshetaulyqtar-qazaqstannyng-ginnes-rekordtar-kitabyna-eneudi-kozdep-otyr/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде