jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мерекелерде және демалыс күндері қалай жұмыс істейді

ХҚКО
Фото: "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ

Халыққа қызмет көрсету орталықтары алдағы мереке күндері – 8-9 наурызда жұмыс істемейді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Халықаралық әйелдер күніне орай 8 және 9 наурызда Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді. Дүйсенбі, 10 наурызда азаматтарды тек кезекші орталықтарда сағат 09:00-13:00 аралығында қабылдайды", - делінген мемлекеттік корпорацияның Telegram-дағы арнасында.

Сондай-ақ хабарламада дәл осы жұмыс кестесі 25 наурызда да сақталатыны айтылған. Ал 21, 22, 23 және 24 наурызда Наурыз мерекесіне байланысты демалыс күндері болып саналады.

Кезекші орталықтардың қазіргі мекенжайларын осы жерден қарауға болады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мерекелерде және демалыс күндері қалай жұмыс істейді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.