jitsu gif branding logo appbranding logo app

Астаналықтардың телефондарына дабыл ескертуі келді: министрлік өкілдері себебін түсіндірді

Ұялы телефон ұстап тұрған адам.
Ұялы телефон ұстап тұрған адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Цифрлық даму министрлігінің өкілдері бүгін астаналықтардың телефондарына келген дабыл ескертуінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін Астанада қала тұрғындары мен қонақтарының смартфондарында Ұлттық ескерту іске қосылды.

Қазіргі уақытта Астана қаласын Cell Broadcast технологиясы бойынша Төтенше жағдайлар кезінде жаппай құлақтандыру жүйесіне қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз.

Бұл ескерту тестілеу режимінде жүргізілді.

Уайымдамауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз", - делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі Mac Alert жүйесін тексеру бойынша жүргізіліп жатқан техникалық жұмыстарға қатысы жоқ екенін хабарлаған еді.

"Жүйенің техникалық тексеруін іске қосу Төтенше жағдайлар министрлігінің бастамасы емес.

Сонымен қатар ТЖМ Mac Alert платформасын басқаруды жүзеге асырмайды және оған техникалық қызмет көрсету, конфигурациялау немесе тестілеу үшін жауап бермейді", - делінген министрлік хабарламасында.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.