jitsu gif

Қарақат Әбілдина, Бибігүл Жексенбай: мерекеге орай Тоқаевтан мемлекеттік награда алған танымал тұлғалар кім

"Парасат" ордені
"Парасат" ордені. Иллюстрациялық фото: aqorda.kz

Бүгін, 7 наурызда қоғамдық қызметке cіңірген еңбегі, мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі бірқатар танымал адамдар "Парасат" орденімен марапатталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, "Парасат" ордені Астанадағы "Қарақат" мектеп-студиясының бас директоры, әнші Қарақат Әбілдинаға берілді.

Сондай-ақ парламент сенатының депутаты, журналист, тележүргізуші Бибігүл Жексенбай, мәжіліс депутаты Айгүл Құспан "Парасат" орденінің иегері атанды.

Осы орденмен Абай облысындағы Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының әншісі-әртісі Гүлдана Ноғайбаева марапатталды.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында бірқатар әйел қауымын мемлекеттік наградалармен марапаттады. Олардың қатарында 4 еңбек ардагері, 19 жұмысшы маман мен кәсіпорын еңбеккерлері, 14 денсаулық сақтау, білім беру, ғылым және мәдениет саласының қызметкерлері, 6 кәсіпорын басшысы, 3 қоғамдық ұйым өкілі, 7 мемлекеттік қызметкер, 6 құқық қорғау, арнаулы және бақылаушы органдарда, әскер қатарында еңбек ететін қызметкерлер бар.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.