jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Павлодар әуежайы 7 айға жабылады

Павлодар әуежайы
Павлодар әуежайы. Фото: instagram.com/airport_pavlodar

1 сәуірден 1 қарашаға дейін Павлодар қаласы әуежайындағы барлық әуе бағыттары тоқтатылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңір әкімдігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде хабарланды. Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, 1 сәуірден 1 қарашаға дейін Павлодар қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын кеңейту және қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі.

"Осыған байланысты барлық әуе бағыттары тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ бүгін облыстың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қанат Кашкиров ұзындығы 77 км облыстық жолдарды жөндеу, шалғай ауылдарды жалғайтын 42 км аудандық автожолдарды қайта жаңарту және 32 кірме жолды жөндеу жоспарланғанын айтты.

"Ауыл - ел бесігі" жобасы және бонустық трансферттер аясында 30 ауыл көшесі жаңартылады. Қалалар мен аудандардың өз қаражаттары есебінен 7,9 млрд теңгеге 30 жобаны іске асыру жоспарланып отыр", - дейді әкімдіктегілер.

Павлодар әуежайы 7 айға жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.