jitsu gif

Қазақстандықтар Наурыз мейрамына орай қанша күн демалады

Наурыз мейрамындағы концерттік көрініс
Наурыз мейрамы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бір аптадан кейін елімізде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы тойланады. Мейрамға орай, ел тұрғындарын қосымша демалыс күндері күтіп тұр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жылда елімізде Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында тойланады. Биыл 22, 23 наурыз сенбі және жексенбіге түсіп тұрғандықтан, демалыс күндері 24 және 25 наурызға (дүйсенбі және сейсенбіге) ауыстырылады.

Осылайша, бес күндік жұмыс істейтін қазақстандықтар 21, 22, 23, 24, 25 наурыз күндері, ал алты күн жұмыс істейтін тұрғындар 21, 22, 23, 24 наурыз күндері демалады. Сейсенбі, 25 наурыз олар үшін жұмыс күні болып саналады.

Айта кетейік, Наурыз мейрамы 2024 жылдан бері жаңа форматта тойланады. Мейрамға орай іс-шаралар елімізде 14-23 наурыз аралығында өтеді. Бұл кезең Қазақстанда "Наурызнама" деп аталады.

Мәдениет министрлігінің мәліметінше, онкүндіктің әр күні еліміздің мәдени байлығы мен ерекшелігін көрсететін белгілі бір тақырып пен құндылықтарға арналады.

"Наурызнама" халықтың тұрмыс-тіршілігі көрінетін барлық салалны қамтиды. Мәселен, қайырымдылық пен мәдени іс-шаралардан бастап, ұлттық дәстүрлер мен экологиялық акцияларға дейін ұйымдастырылады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.