jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Әскери техника тасымалданады: Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Әскери ұшақ
Әскери ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

13 наурыздан бастап Қазақстанда жеке құрам мен әскери техниканы теміржол арқылы және өз күшімен тасымалдау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бұл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған Астана қаласында өтетін әскери парадқа дайындық шараларымен байланысты болып отыр.

Осыған орай еліміздің кейбір аймақтарындағы жолдардың жекелеген учаскелерінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілуі мүмкін.

"Сондай-ақ 2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында әскери авиацияның жаттығу ұшуларын жүргізу үшін Астана қаласында әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер қойылады.

Осыған байланысты әуе рейстерінің кестесіне де өзгерістер енгізілуі мүмкін. Біз азаматтарға рейстер туралы ақпаратты алдын ала нақтылауды ұсынамыз.

Енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды, жалған ақпарат таратпай, тек ресми дереккөздерге жүгінуді сұраймыз", - делінген министрлік хабарламасында.

Әскери техника тасымалданады: Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.