Зектілері

Тоқаев Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 14 наурыз күні Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жиында мемлекет басшысы сөз сөйлеп, Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады", - деп жазды Руслан Желдібай Telegram-дағы арнасында.

Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:

2022 жылы – Ұлытауда;

2023 жылы – Түркістанда ;

2024 жылы – Атырауда өтті.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында президент Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысын 2025 жылы Көкшетауда өткізуді ұсынған болатын.

"Шын мәнінде, мұндай алқалы жиындарды аймақтарда өткізудің мән-маңызы зор. Сол арқылы облыстардың дамуына тың серпін береміз. Осы үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табады.

Әйгілі Қасым хан – Сарайшықта, Абылай хан – Бурабайда ордасын тіккені белгілі. Есілдің бойында – Кенесары хан мемлекеттігімізді сақтап қалу үшін талай жорыққа шыққан. Бұл аймақ төл шежіремізде айрықша орын алады.

Сондықтан Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысын келесі жылы Көкшетауда өткізуді ұсынамын", - деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2227559-bugin-toqaev-burabaida-otetin-ulttyq-quryltaidyng-iv-otyrysyna-qatysady/