jitsu gif

"Көлік қатынасы тоқтады": Ақтөбеде бүтін бір аудан орталығының халқы қайықпен қатынауға мәжбүр

Ойыл ауданы
Ойыл ауданы. Видеодан скрин: instagram.com/oiyl_akimdigi

Ойыл ауданының орталығында тұрғындар өзеннан қайықпен өтіп жатыр. Қатынас уақыты - 08:00-19:00 аралығы, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ойыл ауданында кеше өткел бұзылған. Оның орнына уақытша өткел салынғанымен, ол көпке ұзамай қайта бұзылды.

"Ойыл өзені арқылы өтетін уақытша өткелді бұзуға байланысты көлік қатынасы тоқтатылды. Қазіргі таңда тұрғындарды қайық арқылы өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қайық арқылы өткізу таңғы сағат 08:00-ден кешкі сағат 19:00-ға дейін жалғасады.

Уақытша өткел жанында арнайы техникалар мен жергілікті атқарушы органдар, Төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілік пункті ұйымдастырылды, - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.