eGov және өзге де мемлекеттік электрондық сервистерді пайдалануға уақытша шектеу енгізіледі
Жарияланған күні:

20 наурыз сағат 23:00-ден 21 наурыз сағат 08:00-ге дейін мемлекеттік электрондық сервистерді пайдалануға уақытша шектеу енгізіледі. Осы уақыт аралығында eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасы істемейді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы қолдау көрсететін жобалардың цифрлық экожүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды.
Техникалық жұмыстар 2025 жылғы 20 наурыз сағат 23:00-ден 21 наурыз сағат 08:00-ге дейін жүргізіледі. Уақыт аралығы пайдаланушылардың белсенділігі ең аз кезең екені ескеріле отырып таңдалды, бұл қолайсыздықтарды барынша азайтуға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Осы кезеңде мына мемлекеттік электрондық сервистердің жұмысы уақытша шектеледі:
- eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасы ("Цифрлық құжаттар" сервисін қоса алғанда);
- e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкімет жүйелері;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы сервистері;
- "ҰАТ" АҚ сүйемелдейтін өзге де жобалар;
- Электрондық үкімет шлюзі арқылы интеграцияланған екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларындағы және басқа жүйелердегі мемлекеттік қызмет көрсету сервистері.
Осыған байланысты компания қажетті операцияларды алдын ала аяқтауды және техникалық жұмыстар кезінде құжат ұсыну қажет болған жағдайда олардың түпнұсқасын дайындауды ұсынады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2228978-egov-zhane-ozge-de-memlekettik-elektrondyq-servisterdi-paidalanuga-uaqytsha-shekteu-engiziledi/