jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстанда гипермасштабталатын деректерді өңдейтін ең ірі орталық құрылады

деректерді өңдеу орталығы
Деректерді өңдеу орталығы. Фото: primeminister.kz

Қазақстанда гипермасштабталатын деректерді өңдейтін ең ірі орталық құрылады. Премьер-министр Олжас Бектенов инвестормен келісім туралы тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды үкімет басшысының ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда сингапурлық инвесторлар – GK Hyperscale Ltd компаниясының қатысуымен гипермасштабталатын деректерді өңдеу орталықтарын (ДӨО) салу бойынша стратегиялық маңызды жоба іске қосылады.

Бұл жоба бойынша Ақмола және Қарағанды облыстарында жалпы қуаты 200 МВт болатын екі бірдей деректерді өңдеу орталығын салу және пайдалануға беру үшін 690 млрд теңге көлемінде инвестиция тарту көзделген.

"Үкімет атынан Цифрлық даму министрлігі жобаны жүзеге асыруға, оның мемлекеттік цифрлық экожүйеге интеграциялануын қамтамасыз етуге, сондай-ақ "бұлтты" технологиялар мен жоғары өнімді есептеулерді (HPC) дамыту үшін нормативтік жағдай қалыптастыруға белсенді түрде қатысады.

Мұндай орталықтарды құру Қазақстанға Microsoft, Google және Amazon сияқты халықаралық технология алпауыттарын, сондай-ақ үлкен деректермен және машиналық оқытумен жұмыс істейтін компанияларды тартуға мүмкіндік береді.

Жоба жалақы деңгейі жоғары жұмыс орындарын ашу және технологиялық тәуелсіздікті қамтамасыз ету арқылы цифрлық экономиканы дамытудың қозғаушы күшіне айналады. Қазақстан IT-қызметтер экспортын едәуір арттырып, халықаралық нарықтарда жергілікті IT-компаниялардың қатысуын кеңейтеді және оның жаһандық цифрлық экожүйелердегі рөлін күшейтеді деп күтілуде.

Осылайша, ДӨО іске қосылуы еліміздің Орталық Азияның цифрлық хабы ретіндегі орнын нығайтады әрі IT-қызметтер экспортының өсуіне жағдай жасайды", - делінген хабарламада.

Құрылыстың бірінші кезегі 2027 жылы, ал ДӨО 2030 жылы толық іске қосылады деп жоспарланған.

Қазақстанда гипермасштабталатын деректерді өңдейтін ең ірі орталық құрылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.