jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Елімізде кейбір тұрғындар пойыз билетін 50 пайыз жеңілдікпен сатып ала алады

пойыз
Пойыз. Көрнекі фото: "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

Қазақстанда ерекше қажеттілігі бар жандарды алып жүретін адамдар пойыз билетін 50 пайыз жеңілдікпен сатып ала алады. Бұл туралы Көлік министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Еліміздің көлік ведомствосы жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізуді ұсынған. Жаңартылған нормалар ерекше қажеттілігі бар азаматтар мен оларды алып жүретін тұлғаларға арналған жеңілдіктерді кеңейтуді көздейді.

Атап айтқанда, I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтарды, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар балаларды алып жүретін жандарға пойыз билетін 50 пайыз жеңілдік беру ұсынылып отыр (теміржол билеті).

Сонымен қатар енді ерекше қажеттілігі бар азаматтардан пойызға міну кезінде медициналық мекемелерден алынатын анықтамалар мен құжаттарды көрсету талап етілмейді. Көлік ведомствосы бұл рәсімді Жолаушыларды тасымалдау ережелерінің 44-тармағынан құжат тапсыру талабын алып тастау арқылы жеңілдетуді көздеп отыр. Енді қажетті ақпарат автоматты түрде арнайы деректер базасы арқылы тексеріледі. Бұл шаралар ерекше қажеттілігі бар азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған.

Қазіргі уақытта бұл өзгерістер мақұлдау сатысында тұр. Ережелер 2025 жылдың екінші жартысында күшіне енеді деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ министрлік өкілдері қазіргі таңда барлық топтағы мүгедектігі бар азаматтар үшін әлеуметтік маңызы бар бағыттарда жүретін пойыздарға 50 пайыз жеңілдік қарастырылғанын еске салды.

Айта кетейік, бұған дейін наурыз айындағы мерекелерге байланысты қосымша пойыздар қатынайтынын хабарлаған едік.

Елімізде кейбір тұрғындар пойыз билетін 50 пайыз жеңілдікпен сатып ала алады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.