jitsu gif branding logo appbranding logo app

Ақтауда толассыз жауған жаңбырдан көшелерді су басып жатыр

Ақтаудағы шағын аудан
Ақтаудағы шағын аудан. Кадр: instagram.com/ladakz_qz

Шаһарда 3 күн қатарынан жаңбыр жауып, тұрғындарды әбігерге салып жатыр. Себебі, көшелерде суағарлар жоқ. Соның салдарынан жиналған судан аяқ алып жүру мүмкін емес. Көлік қозғалысы да қиындады, деп хабарлайды kazinform.kz.

Тұрғындар қаланың жауын-шашынға дайын емесін айтып, суағарлардың салынбауына шағымдануда.

"Аймақта кейінгі жылдары жауын-шашын жиіледі. Бұл бір жағынан қуантады. Бірақ көшелерді су басып, осындай қиындықтарға тап болып жатырмыз. Жыл сайын қайталанады. Мәселе түбейгейлі шешілсе екен", - дейді қала тұрғыны. 

Ал Ақтау қаласының әкімдігі су сору жұмыстарының жалғасып жатқанын жеткізді. Коммуналдық қызмет мамандары күні-түні еңбек етуде. 

"Ақтауда коммуналдық сала қызметкерлері автомобиль жолдарында жиналған жаңбыр суын сорып алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстарға 13 қызметкер, 12 су сорғыш мотопомпа және арнайы 4 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 350 шаршы метр жаңбыр суы алынды. Аталған жұмыстар қала аумағында тәулік бойы жалғасып жатыр", - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.