jitsu gif branding logo appbranding logo app

Абай облысында 2023 жылы салына бастаған мешіт қашан қолданысқа берілетіні белгілі болды (фото)

Абай облысындағы мешіт
Абай облысындағы мешіт. Фото: Абай облысының әкімдігі

Абай облысының әкімі Берік Уәли Бородулиха ауданына жұмыс сапары барысында аудан орталығында салынып жатқан мешіт құрылысымен танысты, деп хабарлайды облыс әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Төрт мұнаралы, 500 орындық мешіттің құрылысы 2023 жылы басталған. Ғибадат үйіне осы уақытқа дейін демеушілер көмегімен, орыс, армян, неміс ұлттарының өкілдері және жергілікті тұрғындардың жәрдемдесуімен 200 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалған. Құрылысты толық аяқтау үшін 30 миллион теңге қажет.

Абай облысындағы мешіт
Абай облысындағы мешіт. Фото: Абай облысының әкімдігі

Аймақ басшысы мешіт құрылысын аяқтауға демеушілер арқылы қолдау көрсетілетінін айтты. Құрылыс жоспарға сай жүргізілсе ғибадат үйі Құрбан айттан кейін пайдалануға беріледі.

Абай облысындағы мешіт
Абай облысындағы мешіт. Фото: Абай облысының әкімдігі

Абай облысындағы мешіт
Абай облысындағы мешіт. Фото: Абай облысының әкімдігі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.