jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Тараздағы сауда үйлерінің бірінен жылан табылды

Жыланды ұстау сәті
Жыланды ұстау сәті. Фото: ТЖМ

Тараздағы сауда үйлерінің бірінде қызметкерлер жылан жүргенін байқап, құтқарушыларды шақырды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Министрлік ақпаратына сәйкес, Тараз қаласындағы сауда үйлерінің бірінде жұмыс істейтін қызметкер 112 пультіне қоңырау шалып, қоғамдық орында бауырмен жорғалаушының жүргені туралы хабарлаған.

"Құтқарушылар сауда орталығына жедел келіп, азаматтарға қауіп төндірмеу үшін арнайы құралдың көмегімен рептилияны ұстап алып, елді мекеннен алыс қауіпсіз жерге жіберді", - делінген министрлік хабарламасында.

Төтенше жағдайлар министрлігі жылан табылған кезде адамдарды орын-жайдан шығарып, жануарды құлыптап, құтқарушыларды шақыру қажет екенін еске салды.

"Жыланды өздігінен ұстау әрекеті қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін", - деп ескертті министрліктегілер.

Тараздағы сауда үйлерінің бірінен жылан табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.