RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Түркиядағы наразылық кезінде зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма: СІМ өкілі жауап берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Түркиядағы наразылық
Түркиядағы наразылық. Фото: Ferda Demir/Getty Images

Сыртқы істер вице-министрі Ақан Рахметуллин Түркиядағы наразылық кезінде зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ең бастысы, ол жақта зардап шеккендер жоқ, себебі Сыртқы істер министрлігі, Бас консулдық және Анкарадағы елшілігіміз белсенді жұмыс атқарды. Стамбулда, Измирде, Анталияда біздің бас консулдығымыз бар - барлығы наразылық бастала сала белсенді жұмыс жүргізді. Біз азаматтарымызға, ол жақта жүрген студенттер мен туристерге адам көп жиналатын жерлерге, наразылық жүріп жатқан орындарға бармауды бірден ескерттік", - деді Ақан Рахметуллин.

Вице-министрдің айтуынша, қазақстандықтар сақтық шараларын есте ұстауы керек.

"Мен қазір бармау керек деп айтпас едім, бірақ, әрине Сыртқы істер министрлігінің атынан емес, өз атымнан айтар болсам, біраз уақыт күткен дұрыс болады", - деп кеңес берді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан елшілігі Түркияда жүрген ел азаматтарына үндеу жасады.

Елшілік қазақстандықтарды Стамбұлдағы жағдайға байланысты халық көп жиналатын орындарға бармауға, шерулер мен митингілерге қатысудан бас тартуға, күшейтілген қауіпсіздік шараларын сақтауға, қырағылық пен сақтыққа, жаңалықтарды қадағалап, биліктің нұсқаулықтарын орындауға шақырды. Сондай-ақ Қазақстанның Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерімен байланыста болуға кеңес берді.

Еске сала кетейік, өткен аптадан бері Стамбұл мэрі Экрем Имамоғлының сыбайлас жемқорлық жасап, лаңкестік топтарға көмектесті деген айыппен қамауға алынуына байланысты стамбұлдықтар наразылық білдіріп жатыр.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жетекші оппозиция қайраткерінің тұтқындалуынан кейін елде қарқын алып жатқан наразылық толқынын қолдамайтынын мәлімдеді. Жұма күні сөйлеген сөзінде Ердоған үкіметтің "вандализмге" немесе "көше террорына" "көнбейтінін" және қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермейтінін айтты.

23 наурызда Түркия соты жемқорлық бабымен күдікке ілінген Стамбұл мэрі Экрем Имамоғлыны қамауға алу туралы шешім шығарды.

Онымен бірге 106 адам тергеліп жатыр. Олардың барлығы ауқымды операция барысында ұсталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2230635-turkiiada-narazylyq-kezinde-zardap-shekkender-arasynda-qazaqstandyqtar-bar-ma-sim-okili-zhauap-berdi/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif