jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Қадір түнінде Астанада тегін автобустар жүреді

Автобустар
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

26 наурыздан 27 наурызға қараған түні Астанада тұрғындарды мешіттерден тегін қатынайтын арнайы автобустар жүреді, деп хабарлайды елорда әкімдігі.

Қосымша көлік 22:00–ден бастап қатынайды, автобустың соңғы жүретін уақыты — таңғы 04:00–де. Автобустар қала тұрғындарының ыңғайлы жүруін қамтамасыз ете отырып, қаланың аталған аудандарына жеткізу үшін қатынайтын болады.

Арнайы көлік қозғалысының маршруттары:

"Республикалық Бас мешіт" мешіті — Целинный шағын ауданы, «Есу каналы» аялдамасы және Республика даңғылы.

"Әзірет Сұлтан" мешіті — "Спутник" супермаркеті, Теміржол вокзалы және Көктал-1,2 тұрғын алабы.

"Әбу Насыр Әл-Фараби" мешіті — "Көктал-1,2" тұрғын алабы, Теміржол вокзалы және Медициналық колледж.

"Сәдуақас қажы Ғылмани" мешіті — "Көктал-1,2" тұрғын алабы және Киричный тұрғын алабы.

"Рахымқызы Райса ана" мешіті — автобустар "Рахмет" сауда орталығы.

" Қосымша маршруттарды іске қосу жолдарда кептеліс болуына жол бермейді және елорданың барлық тұрғыны үшін қолайлы қозғалысты қамтамасыз етеді", — делінген ведомство хабарламасында.

Қадір түнінде Астанада тегін автобустар жүреді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.