jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қауіпті: Астанада құтқарушылар тұрғындарды абай болуға шақырды

Құтқарушылар
Құтқарушылар. Фото: Астана қаласының әкімдігі

Елордалық құтқарушылар тұрғындарға ескерту жасады - күннің жылынуына байланысты Есілдегі мұз тез еріп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Астанадағы Есіл өзенінде мұз жылдам еріп жатыр. Оның қалыңдығы қазіргі уақытта – 43 см, бірақ аз уақытта ол одан бетер жұқарады. Елордалық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін еске салып, үндеу жасады.

Су айдындарында қайғылы оқиғалар мен адамдардың жарақаттануының алдын алу мақсатында елордалық құтқарушылар күн сайын рейдтер жүргізеді.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мұздың еру кезеңінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салды:

  • Мұздың жұқа орындарына шықпаңыз;
  • Түнде және қолайсыз ауа райы жағдайында мұзға шығуға болмайды;
  • Мұздың беріктігін тебу немесе үстіне секіру арқылы сынамаңыз;
  • Рұқсат етілмеген орындардағы мұзды жерлерден өтпеңіз;
  • Мұздың үстінде от жағуға болмайды;
  • Мұзда балық аулау кезінде жаныңызда екі тесіктен артық тесіктер бұрғылауға болмайды;
  • Төтенше жағдайларда эвакуациялауға кедергі келтіруі мүмкін жеке заттарды немесе басқа заттарды мұзда қалдырмаңыз;
  • Қауіп төнген жағдайда тез арада көмек сұрап, қоңырау шалу үшін қолыңызда байланыс құралдары болуы керек;
  • Мұздың беріктігіне күмәніңіз болса, үстіне шықпағаныңыз абзал;
  • Бір адам үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы кемінде 10 сантиметр болуы керек. Төтенше жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласып, көмек сұраңыз.
Қауіпті: Астанада құтқарушылар тұрғындарды абай болуға шақырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.