RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Қазақстан бойынша айт намазының кестесі жарияланды

Жарияланған күні:

намаз оқып жатқан көпшілік
Намаз оқып жатқан көпшілік. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстан бойынша айт намазының кестесі жарияланды, деп хабарлайды мүфтияттың ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Сағындырған Рамазан айының да аяқталуына аз қалды. 30 наурыз – Ораза айт мейрамы. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы күні оқылатын Ораза айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін назарларыңызға ұсынады", - делінген ҚМДБ хабарламасында.

Айт намазының кестесі
Айт намазының кестесі. Фото: muftyat.kz

Айта кетейік, биыл қасиетті Рамазан айы 29 күнге созылды. 26 наурыздан 27 наурызға қараған түні мұсылман қауымы қасиетті Қадір түнін қарсы алды. Қадір түнінің құрметіне Астанада мешіттерден тегін қатынайтын арнайы автобустар жүрді. Сондай-ақ бұл түні еліміздің барлық мешітінде "Қадір түнім қасиетім" атты 5 сағаттық жоспарлы шаралар ұйымдастырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2230919-qazaqstan-boiynsha-ait-namazynyng-kestesi-zhariialandy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif