Алматы облысында облыстық маңызы бар автожолдар 1 айға жабылады
Жарияланған күні:

Алматы облысында облыстық маңызы бар автожолдар көліктің барлық түрі үшін 1 айға жабылады. Бұл туралы Алматы облыстық ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2025 жылғы 1 сәуір мен 30 сәуір аралығында жол-метеорологиялық жағдайлардың нашарлауына және қар көшкінінің түсу қаупіне байланысты келесі облыстық маңызы бар автожолдарда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылатынын хабарлайды:
КВ-45 "Талғар-Спутник" – 6 км учаскесінде:
КВ-64 "Түрген-Обсерватория" – 12 км учаскесінде:
Р-17 "Алматы-Талғар-Евгеньевка" – Есік көліне кіреберіс – 7 км учаскесінде:
Өңір тұрғындары мен қонақтарынан сапарларды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді, сақтық шараларын сақтауды және баламалы маршруттарды пайдалануды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыда 29 наурызда халықаралық іс-шаралардың өтеуіне байланысты жол қозғалысы ішінара шектелетінін хабарлаған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2230961-almaty-oblysynda-oblystyq-mangyzy-bar-avtozholdar-1-aiga-zhabylady/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.