jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматыда 29 наурызда жол қозғалысы ішінара шектеледі

Алматы қаласы
Алматы жолдары. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда 29 наурызда халықаралық іс-шаралардың өтеуіне байланысты жол қозғалысы ішінара шектеледі. Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Полицияның баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматыда келесі учаскелерде жол қозғалысы ішінара шектелуі мүмкін: Майлин көшесі, Құлжа тракті, Бұқтырма көшесі, ВОАД, Әл-Фараби даңғылы, Достық даңғылы, Жароков көшесі, Абай даңғылы, Сәтбаев көшесі, Назарбаев даңғылы.

Сондай-ақ ведомство өкілдері 29 наурызда сағат 00:00-ден 14:00-ге дейін "Медеу" БТСК және "Шымбұлақ" БТШК-ға баратын жол жабық болатынын ескертті. Көлікпен жүруге осы ауданда тұратын азаматтарға ғана рұқсат етіледі.

Алматы полициясы қала тұрғындары мен қонақтарын уақытша шараларға түсіністікпен қарауға және кептеліс жағдайларын болдырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала реттеуге шақырады.

Алматыда 29 наурызда жол қозғалысы ішінара шектеледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.