jitsu gif branding logo appbranding logo app

Түркістанда қазақстандық имамдардың білімін жетілдіретін институт ашылмақ

Құран кітабы
Құран кітабы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Түркістанда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы имамдарының білімін жетілдіретін Ислам институты ашылады, деп хабарлайды Отырар телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Телеарна тілшісінің хабарлауынша, бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының өкілдерімен кездесуінде айтылды.

Басқосуда облыс әкімінің орынбасары ислам орталығын ғылыми-зерттеу институты ретінде тіркеу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Аталған институт биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Бұл орталықта Қожа Ахмет Ясауи еңбектері мен ғибратты хикметтеріне ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ұлытау облыстары мен Шымкент қаласының дін саласында қызмет атқарып жүрген имамдарының білімін жетілдіру көзделіп отыр. Сонымен бірге тарихты, классикалық еңбектерді оқытып, діни мәселелерді түсіндіру қабілетін арттыру жоспарланған. Мұнда дін ғұламалары мен теологтар дәріс береді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.