"Тарихи шешім": Ұлттық ғылым академиясы таратылатын болды
Жарияланған күні:

Бүгін Алматы қаласында 2003 жылы қоғамдық ұйым ретінде құрылған "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің жалпы жиналысы өтті, онда бірлестікті ерікті түрде тарату туралы шешім қабылданды. Бұл туралы ҚР ҰҒА баспасөз релизінен белгілі болды.
Жиын барысында бірауыздан ҚР ҰҒА РҚБ академиктерін ҚР Президент жанындағы ҚР ҰҒА (Жоғары ғылыми ұйым) құрамына трансформациялау "ҚР ҰҒА" республикалық қоғамдық бірлестігін ұйым Жарғысында көрсетілген барлық талаптарды сақтай отырып ерікті түрде таратуға қатысты тарихи шешім қабылданды. Жалпы жиналысқа қатысқан академиктер елдің ғылыми әлеуетін бір орталыққа шоғырландыруды көздеген азаматтық ұстанымға қолдау білдірді.
Бұл шешім Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының қызметіне ұқсас функциялардың қайталануын болдырмай, оны жаңа форматтағы бірегей әрі орнықты ғылыми орталық ретінде екі академия ғалымдарының ғылыми потенциялын біріктіріп нығайтуға мүмкіндік береді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2231100-tarihi-sheshim-ulttyq-gylym-akademiiasy-taratylatyn-boldy/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.