RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Наурыз ҰБТ-сы: Алматы облысында 11-сынып оқушысы ең жоғары 140 балды жинады

Жарияланған күні:

Санжар Қуандық
Санжар Қуандық. Фото: instagram.com/almobl_akimat

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Толқын орта мектебінің 11-сынып оқушысы Санжар Қуандық наурыз айындағы ҰБТ-да ең жоғары 140 балды жинап, үздік нәтиже көрсетті. Бұл туралы облыстық әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев бұл үлкен еңбектің, талмай ізденістің және сапалы білімнің жемісі екенін атап өткен.

"Санжардың жетістігі – ұстаздары мен ата-анасының қолдауының, жүйелі дайындықтың айқын көрінісі. Осы орайда, білімге деген ұмтылысы мен табандылығы үшін Қуандық Санжар Ғалымжанұлын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы оқуында да сәттілік серік болып, болашақта ел дамуына өз үлесін қосатынына сеніміміз мол", - деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Толқын орта мектебінің ұжымы мен түлектің ата-аналары бұл жетістікке ерекше қуанып, шәкірттерінің биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірген.

Айта кетейік, наурыз айындағы ҰБТ-ның бірінші аптасында ең жоғары балл 135 болған еді. Оны Абай облысының оқушысы жинады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2231193-nauryz-ubt-sy-almaty-oblysynda-11-synyp-oqushysy-eng-zhogary-140-baldy-zhinady/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif