jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Наурыз айындағы ҰБТ-ның бірінші аптасы: ең жоғары балды Абай облысының оқушысы жинады

Тестілеу парағы
Тестілеу парағы. Көрнекі сурет: pxhere.com

Наурыз айындағы ҰБТ-ның бірінші аптасында ең жоғары балды Абай облысының оқушысы жинаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, наурыз айындағы ҰБТ-ның бірінші аптасында 21 мыңға жуық адам тест тапсырған. Шекті балды 57 пайызға жуық талапкер жинаған. Тестілеу нәтижесі бойынша орташа балл 53 балды (бес пән бойынша) құраған. Ең жоғары балл – 135, оны Абай облысының оқушысы жинаған.

Абай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғары нәтиже көрсетіп, 135 балл жинаған оқушының есімі – Радмир Тимурұлы. Ол – Абай облысындағы Экономикалық лицейдің 11-сынып оқушысы.

Радмир бейіндік пән ретінде физика мен математиканы таңдап, тест нәтижесінде Қазақстан тарихынан – 20, оқу сауаттылығынан – 10, математикалық сауаттылықтан – 10, физикадан – 45, ал математикадан – 50 балл жинаған.

Радмир ақпан айындағы ҰБТ-да да жоғары нәтиже көрсетіп, 130 балл алған.

"Ол – үздік оқушы, эссе жазуға бейім, кітап оқуды ұнатады. Сонымен қатар спортпен белсенді айналысады. Ашық суда өтетін Oceanman жарыстарында өз жас санатында 1500 метр қашықтыққа жүзуден І орын иегері. Болашақта Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне түсіп, инженерия мамандығын таңдауды жоспарлап отыр", - делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, наурыз ҰБТ-сы 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді. Тестілеуге қатысуға 163 мыңға жуық талапкер ниет білдірген.

Наурыз айындағы ҰБТ-ның бірінші аптасы: ең жоғары балды Абай облысының оқушысы жинады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.