jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Жамбыл облысындағы 5 балдық жер сілкінісі: теміржол өтпелері мен көпірлер тексерілді

Жамбыл облысындағы жолайрық.
Жамбыл облысындағы жолайрық. Фото: t.me/qazavtojol

Жамбыл облысындағы жер сілкінісінен кейін жасанды құрылыстарға еш зақым келген жоқ. Бұл туралы "ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"ҚазАвтоЖолдың" мәліметінше, Жамбыл облысының аумағында болған жер сілкінісінен кейін жолшылар инфрақұрылымның жай-күйін шұғыл тексеріп шыққан.

Мамандар Меркі және Т.Рысқұлов аудандарындағы 5 жолайрық, 2 теміржол өтпесі мен 3 көпірді мұқият тексеріп, көлік қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізген.

Айта кетейік, 28 наурызда 03:42-де Жамбыл облысында жер сілкінді. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 323 км жерде орналасқан. 

Жер сілкінісі Тараз, Шу қаласы мен бірақтар ауданда сезілген. Әсіресе Меркі (күші 5 балл), Құлан аудандарында (4 балл) қатты сезілген.

Кейін тұрғындар түнде болған жер сілкінісінің видеосын бөлісті.

Жамбыл облысының әкімдігінің өкілдері жер сілкінісінен кейін өңірдегі кей ғимараттардың қабырғасында жарық пайда болғанын хабарлады.

Жамбыл облысындағы 5 балдық жер сілкінісі: теміржол өтпелері мен көпірлер тексерілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.