Қазақстанның ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:

Астана, Алматы мен Шымкенте 30 наурыз күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Алматыда өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 12 градусқа дейін көтеріліп, түнде 1 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 3,0 м/с болмақ.
Астанада күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 10 градусқа дейін жетіп, түнде -4 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,6 м/с болады.
Шымкентте де бүгін күн ашық болады. Күндіз термометр бағаны 16 градусқа дейін көтерілсе, түнде 2 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,3 м/с-ге жетеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2231556-qazaqstannyng-iri-qalalarynda-bugin-aua-raiy-qandai-bolady/