"Cоғыстың кесірінен Рамазан мерекесін миллиондаған мұсылман тойлай алмай отыр": БҰҰ Бас хатшысы мәлімдеме жасады
Жарияланған күні:

Антонио Гутерриш қасиетті Рамазан айының аяқталуына байланысты үндеу жасады. Ол мұсылмандарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды kazinform.kz.
Бұл туралы Анадолы ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Миллиондаған мұсылман жойқын соғыс пен қақтығыс салдарынан Рамазан мейрамын отбасыларымен тойлау мүмкіндігінен айырылды", — деді Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш.
Ол мұсылман қауымын Ораза айт мерекесімен құттықтады.
"Мен барша әлем мұсылмандарына Рамазандағы ораза айт мейрамына орай ізгі тілегімді жолдағым келеді. Десе де, құттықтау жолдай отырып, соғыс пен қақтығыстың сондай-ақ мәжбүрлі қоныс аудару салдарынан бұл күнді отбасымен бірге атап өте алмаған мұсылмандарды ойласам қабырғам қайысады", - деп жазды Гутерриш X әлеуметтік желісіндегі парақшасына.
Ол Ораза айт ынтымақ пен мейірімділіктің белгісі екенін атап өтті. БҰҰ басшысы бұл мейрам адамдарды, олардың құндылықтарын біріктіретініне үмітті екенін жеткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2231598-buu-bas-hatshysy-cogystyng-kesirinen-ramazan-merekesin-milliondagan-musylman-toilai-almai-otyr/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.