jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Жаңбыр, жел, найзағай": Қазақстанда сәуір айында ауа райы қандай болады

гүлдеп тұрған ағаш
Гүлдеп тұрған ағаш. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер сәуір айында елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, сәуірде ауа температурасы одан әрі жоғарлайды.

Сәуірдің бірінші онкүндігінде еліміздің солтүстік жартысында түнде жауын-шашын түсіп, жаңбыр қарға ұласып, көктайғақ болуы мүмкін. Сондай-ақ күндіз де жаңбыр жаууы ықтимал. Оңтүстік аймақтарда жаңбыр, найзағай күтіледі.

Сонымен қатар республика бойынша жел күшейіп (15-20 м/с-қа дейін), түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түсуі мүмкін.

Бұдан бөлек, ауа температурасының ауытқуы күтіліп отыр:

  • елдің батысында түнде +8+13°С-тан -3+8°С-қа дейін, күндіз +18+25°С-тан +11+16°С-қа дейін, оңтүстік-батыста кей күндері күндіз ауа темпераурысы +20+28°С-қа дейін;
  • солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, шығыста түнде -5+5°С-тан +3+8°С-қа дейін, күндіз +8+13°С-тан +15+22°С-қа дейін;
  • республиканың оңтүстігінде түнде +2+10°С-тан +10+15°С-қа дейін, күндіз +18+25°С-тан +25+30°С-қа дейін;
  • республиканың оңтүстік-шығысында түнде -5+5°С-тан +7+12°С-қа дейін, күндіз +12+20°С-тан +18+27°С-қа дейін көтеріледі.

Сәуірдің екінші онкүндігінде еліміздің солтүстік жартысында жаңбыр, қар жауады деп күтілсе, үшінші онкүндікте негізінен жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

Елдің басым бөлігінде ауа температурасының түнде +5+13°С-тан -3+5°С-қа дейін, күндіз +15+25°С-тан +8+13°С-қа дейін ауытқуы күтіледі.

Оңтүстік өңірлерде және республиканың батысында күн +23+32°С-қа дейін жылынады, бірақ кей күндері ауа температурысы +10+18°С дейін салқындайды.

"Жаңбыр, жел, найзағай": Қазақстанда сәуір айында ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.