jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Теміртаулық жасөспірімдердің әрекеті: қала әкімінің орынбасары жауапкершілікке тартылмақ

Костюмдегі ер адам
Шенеунік. Көрнекі фото: pexels.com

Теміртаудағы жасөспірімдердің әрекетінен кейін қала әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына қатаң сөгіс жарияланатын болды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ермағанбет Бөлекпаевтың Facebook желісінде хабарлауынша, бүгін облыс әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей Қарағанды облысы бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысын өткізген.

"Теміртау қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына кәмелетке толмағандарға тиісінше бақылау жасамағаны үшін қатаң сөгіс жариялауды тапсырдым", - деп жазды облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Сондай-ақ жасөспірімдер оқыған білім беру мекемелері директорларының орынбасарлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

"Біз жасөспірімдер агрессиясына сөзсіз алаңдаймыз және болашақта осындай оқыс оқиғаларды азайту бойынша қосымша шаралар әзірлеуге кірісеміз. Барлық кінәлі қолданыстағы заңнама аясында жауапкершілікке тартылады. Бұл оқиға бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр", - делінген әкімнің жазбасында.

Сондай-ақ облыс әкімі ата-аналардан, педагогтардан балаларды тәрбиелеуге және олардың басқа адамдарға құрметпен қарауын, дұрыс құндылықтарды қалыптастыруға көбірек көңіл бөлуді сұрады.

Еске сала кетейік, күні кеше желіде теміртаулық жасөспірімдер жалғызбасты ер адамның үйіне баса-көктеп кіріп, ұрып-соққаны туралы ақпарат тарады. Қарағанды облысының полиция департаменті өкілдері Теміртау қаласының 67 жастағы тұрғынына жасалған шабуыл фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Теміртаулық жасөспірімдердің әрекеті: қала әкімінің орынбасары жауапкершілікке тартылмақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.