jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Таразда балға ұстаған маньяк жүр": ІІМ желіде тараған қауесетке пікір білдірді

Көшеге қарап тұрған ер адам
Көшеге қарап тұрған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Жамбыл облысында әлеуметтік желілерде "Таразда балға ұстаған маньяк кезіп жүр" деген ақпарат тарады. Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Белгілі болғандай, 1 сәуірде қалалық саябақ маңынан басы жаншылған ер адамның мәйіті табылды. Осы жағдайдан соң мессенджерлерде қорқынышты хабарлама тарай бастаған.

"Әлеуметтік желіде "Таразда балға ұстаған маньяк жүр, құрбан болғандар бар" деген ақпарат тарап жатыр. Жамбыл облыстық полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Облыс орталығындағы шағын аудандардың бірінен ер адамның мәйітінің табылуына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр", – делінген ІІМ мәлімдемесінде.

Департамент қазір күдіктіні анықтау және ұстау үшін қажетті тергеу-жедел іздестіру шараларыны толық жүргізіліп жатқанын айтты. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.