RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Шымкентте антикор төрағасының бұрынғы орынбасары 11 жылға сотталды

Жарияланған күні:

судьяның балғасы мен АҚШ доллары
Судьяның балғасы мен АҚШ доллары. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шымкент қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті төрағасының бұрынғы орынбасары Дәуренбек Қожабаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Оған "Аса ірі көлемде пара алу" бабы бойынша айып тағылды, деп хабарлайды kazinform.kz.

Ведомство таратқан ақпаратқа сүйенсек, мемлекеттік қызметкер 11 жылға бас бостандығынан айырылған.

"Сот сотталушыны ҚК-нің 366-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, оған жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіледі. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - делінген Шымкент қаласының ҚІЖМС-ның баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы "Қазақ Дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының" директоры пара алғаны үшін сотталғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2232608-shymkentte-antikor-toragasynyng-buryngy-orynbasary-11-zhylga-sottaldy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif