Қазақстанның ірі қалаларының бірінде бүгін күн 24 градусқа дейін жылынады
Жарияланған күні:

Астана, Алматы мен Шымкенте 3 сәуір күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 18 градусқа дейін көтеріліп, түнде 8 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,7 м/с болмақ.
Астанада синоптиктер болжамынша, күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 17 градусқа дейін жетіп, түнде -2 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 9,9 м/с болады.
Шымкентте бүгін күн ала бұлтты болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 24 градусқа дейін жетіп, түнде 11 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,7 м/с деңгейінде болмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2232620-qazaqstannyng-iri-qalalarynyng-birinde-bugin-kun-24-gradusqa-deiin-zhylynady/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде