jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

ҚМДБ еліміздің қалалары мен ауылдарына арналған Шәууәл айының нәпіл ораза кестесін ұсынды

Құран кітабын оқып отырған адам
Құран кітабын оқып отырған адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздің қалалары мен ауылдарына арналған Шәууәл айының нәпіл ораза кестесін ұсынады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кестені мына сілтеме арқылы өтіп, қажетті өңірді таңдау арқылы жүктей аласыз.

ҚМДБ-ның ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Рамазан айының артынша келетін шәууәл айының да өзіне тән артықшылықтары бар.

"Пайғамбарымыз "Кімде-кім Рамазанды оразамен өткізіп, бұдан кейінгі шәууәл айында алты күн ораза тұтса, жыл бойы ораза тұтқанмен бірдей", - дейді (Муслим).  

Бұл ораза сауабының бір жылға пара-пар келуін былайша түсінуге болады. Алла Тағала Құран Кәрімде: "Кімде-кім бір жақсылық жасаса, оған оның он есе қарымы беріледі" - деген (Әнғам:160). Ғалымдар шәууәл айындағы алты күн оразаның бір жылдық сауабын осы аятпен байланыстырады", - деп жазады басылым.

Сонымен қатар ҚМДБ өкілдері шәууал айындағы оразаға қатысты мына мәселелерді де білген дұрыс екенін айтады:

  • Шәууәл айының оразасы нәпіл ораза болып табылады. Яғни, мұны ұстау, ұстамау әркімнің өз еркінде, оны ұстау ешкімге міндеттелмеген.
  • Шәууәл айының нәпіл оразасы шәууал айында ғана ұсталады. Әрі оны ораза айт күнін өткізіп, кейінгі күндері бастаған дұрыс.
  • Бұл оразаны шәууәл айының басында, ортасында немесе аяғында үздіксіз яки күнара тұтуға болады. Бірақ айттың артынша кезекпен дереу бәрін ұстаған абзал.
  • Рамазан айында қазасы болса, әуелі сол қазаны, сосын шәууәл айы оразасын тұтады. Өйткені, хадисте "Кімде-кім Рамазан айының оразасынан соң..." деген.
  • Рамазан оразасын ұстамаған адамдарға да шәууал оразасын ұстауға болады. Алайда рамазан айының оразасын тұту парыз екенін ұмытпау керек.
  • Шәууал оразасы да басқа оразалар сияқты таң атқаннан бастап күн батқанға дейін жалғасады.
ҚМДБ еліміздің қалалары мен ауылдарына арналған Шәууәл айының нәпіл ораза кестесін ұсынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.