Астанада экс-дипломат Сәкен Мамаш қамауға алынды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Астанада бұрынғы дипломат Сәкен Мамаш қамауға алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елордалық полицияға сілтеме жасап.
"Елшінің бұрынғы кеңесшінің үстінен былтыр әйелін жүйелі түрде ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция жедел-тергеу тобын құрды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін бірқатар қажетті сараптама жүргізілді. Айтарлықтай дәлел базасы жиналып, бекітілді.
Тергеу нәтижесінде күдікті М.С.-ға қатысты тергеу соты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады", - деп хабарлады полиция департаментінің өкілдері.
ПД өкілдері тергеу мүддесіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша басқа мәлімет жария етілмейтінін айтты.
Еске сала кетейік, 2024 жылы мамырда экс-шенеуніктің әйелі Карина Мамаш күйеуінен 10 жыл бойы зәбір көргенін айтқан еді.
Кейін Карина Мамаш Астанадағы дағдарыс орталығына орналасты.
2024 жылы маусымда Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің экс-кеңесшісі Сәкен Мамаш әйелін ұрғаны үшін 15 тәулікке қамалғаны белгілі болған еді.
Сонымен қатар Астана соты БАӘ-дегі экс-дипломатқа қатысты әйелінің әпкесін ұрып-соққаны туралы шағым бойынша іс қаралып жатқанын, Карина Мамашқа қатыс бөлек іс қозғалғанғанын мәлімдеген еді.
2024 жылғы 3 шілдеде іс бойынша сотқа апелляциялық шағым түскен. Онда қорғаушылар бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жоюды, Сәкен Мамаштың әрекетінде қылмыс құрамының жоқтығына байланысты істі тоқтатуды сұрағаны көрсетілген.
Астана қалалық соты әйелінің әпкесін ұрып-соқты деп күдікке ілінген Сәкен Мамашқа қатысты бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2233095-astanada-eks-diplomat-saken-mamash-qamauga-alyndy/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде