Тұман, көктайғақ, жауын-шашын: демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:

Алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Синоптиктердің болжамынша, 5 сәуірде республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында, қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын түседі.
Сондай-ақ еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда да жауын-шашын күтіледі. Таулы аймақта кейде қатты жауын-шашын болуы мүмкін.
6-7 сәуірде елдің батысында, солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал.
Сонымен қатар Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейіп, 5 сәуірде түнгі уақытта солтүстікте, шығыста, орталықта көктайғақ болуы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер сәуір айында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2233256-tuman-koktaigaq-zhauyn-shashyn-demalys-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде