jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Нөсер, найзағай, қатты жел: құтқарушылар Алматы тұрғындарына үндеу жасады

жаңбыр
Жаңбыр астында тұрған орындықтар. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері дауылды ескертуге байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқарушылар 5 сәуірде күндіз Алматыда қатты жаңбыр жауып, найзағай күтілетінін, сондай ақ найзағай кезінде шығыстан жел соғып, оның екпіні секундына 15- 20 метрге дейін жететінін ескертті.

"Қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) немесе қатты жел туралы дауылды ескерту жарияланса, таулы аймаққа баруды кейінге қалдырған дұрыс", - делінген ТЖД хабарламасында.

Құтқарушылар нөсер туралы ескертуге байланысты қала тұрғындарынан жол қозғалысы кезінде абай болып, Іле-Алатау тауларына бармауды сұрады.

Сонымен қатар олар жеке үй иелерінен жаңбыр суы ағатын дренаждық жүйелерді тазалап, дайындық шараларын қабылдау керек екенін айтты.

"Егер көшеде келе жатқанда, жаңбыр жауса электр желілерінің тұтастығына назар аударыңыз; көліктерді ағаш астында қалдырмаңыз. Әлсіз құрылымдардың астында тұрмаңыз: олар құлап, сізді жарақаттауы мүмкін. Жаяу жүргіншілер де абай болуы керек - жаңбыр кезінде жүргізушілер сізді көрмей қалатынын еске сақтаңыз", - деп ескертті құтқарушылар қала тұрғындары мен қонақтарын.

Нөсер, найзағай, қатты жел: құтқарушылар Алматы тұрғындарына үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.