RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Баянауылда орман шаруашылығы аумағы өртеніп жатыр: ТЖМ мәлімдеме жасады (видео)

Жарияланған күні:

Баянауылдағы орман шаруашылығындағы өрт
Баянауылдағы орман шаруашылығындағы өрт. Видео кадрдан: t.me/ztb_qaz

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жасыбай орманшылығының аумағында құрғақ шөп өртенді. Қазіргі таңда өртті сөндіру жұмыстары атқарылып жатыр, деп хабарлайды ТЖМ ресми Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство хабарламасына сай, 4 сәуірде Павлодар облысы ТЖД Баянауыл ауданы Жасыбай орманшылығының аумағында құрғақ шөптің өртенгені туралы хабарлама түскен.

"Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің, орман шаруашылығының, Қазавиаорманкүзеті мен орманшылықтың күштері және құралдары дереу жіберілді. Барлығы 85 адам және 24-тен астам бірлік техника жұмылдырылды.

ТЖМ Командалық орталығында ТЖ вице-министрі Рамиль Камаловтың басшылығымен өртті сөндіру жөніндегі жедел штаб өз жұмысын жалғастырып жатыр", - делінген хабарламада.

Сонымен бірге қатты жел мен құрғақ өсімдіктер өрттің тез таралуына ықпал етіп, жедел жұмысты қиындатқаны да айтылды. Қазіргі таңда құтқарушылар өрттің елді мекендерге таралуына жол бермей, сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Тұрғындар үшін қауіп жоқ. Оқиға орнына құтқарушылардың қосымша топтары жіберілді.

"Қазіргі уақытта жағдай ТЖМ, ЭТРМ, ЖАО бөлімшелерінің бірлескен күшімен тұрақтандырылды, ТЖМ жедел штабының ерекше бақылауында", - деп жазылған жазбада.

Бұдан бөлек қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт алдын ала 60 гектар алаңда оқшауланғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2233298-baianauylda-orman-sharuashylygy-aumagynda-ort-shyqty-tzhm-malimdeme-zhasady/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif